ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қыркүйекте елімізге мемлекеттік сапармен келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қыркүйекте елімізге мемлекеттік сапармен келеді

01.05.2022

Апта басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэні қабылдаған еді. 

Бұл кездесуге мән беріп отырғанымыздың себебі: қыркүйекте Қытай Төрағасы Си Цзиньпин елімізге мемлекеттік сапармен келуі тиіс.

Қазақ-қытай қатынасы сауда, транспорт, энергетика сияқты трансұлтық жобалар негізінде дамып келе жатқаны белгілі. 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында әріптестік жан-жақты стратегиялық деңгейге көтерілді. Енді әрі қарай кеңейту жоспарда бар. Мәселен, Қытайдың Қорғаныс министрімен кездесуде әскери-техникалық саладағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық сөз болды.

Мемлекет басшысы еліміз қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ бітімгершілік операцияларындағы географиясын кеңейтуге дайын екенін айтты. Осыған байланысты Президент Пекиннің аталған әмбебап ұйым аясында ұжымдық миссия өткізу туралы бастамасын қолдады. Вэй Фэнхэ болса, Қарулы Күштердің әлеуетін арттыру және мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту үшін жүзеге асырылып жатқан реформалар оң ықпал ететініне сенім білдірді. 

Хабарламаларға жазылу