БҰҰ сирияда әскери қылмысты тергейтін орган құрмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ сирияда әскери қылмысты тергейтін орган құрмақ

22.12.2016
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Сирияда жасалған әскери қылмыстарды тергейтін арнайы орган құрмақ. Бұл туралы резолюцияны 105 елдің өкілі қолдады. 15 мемлекет қарсы. Солардың ішінде Ресей, Сирия, Иран, Қытай, Куба, Венесуэла бар. Ал, 52 ел дауыс беруден бас тартты. Жаңа орган Араб Республикасында халықаралық және адам құқықтарының бұзылу фактілерін де құжатқа түсірумен айналысады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу