Бүгін Ақордада Президент Әлихан Бәйменовты қабылдады. Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа салада енгізіліп жатқан өзгерістер туралы баяндады. Сонымен қатар жемқорлықпен күрес тәсілдері мен қызметкерлердің кәсібилігін үздіксіз дамытып отыру жайында пікір алмасты.
Әлихан Бәйменов, Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы:
Және Президенттің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі жарлығын жүзеге асыру жолдары талқыланып, сонымен қатар мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіруде халықаралық ынтымақтастықтың маңызды екені аталып өтілді.
Шерхан Жамбылұлы