Ақтаудағы дүңгіршектердің бірінде самсаның үстінде жүрген тышқандардың бейнесі тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы дүңгіршектердің бірінде самсаның үстінде жүрген тышқандардың бейнесі тарады

05.05.2022

Ақтауда көшедегі дүңгіршектердің бірінде самсаның үстінде жүрген тышқандардың бейнесі тарады.

Дүңгіршек 22-ші шағын аудандағы базардың артқы жағында орналасқан. Мұнда нан өнімдері мен сусындар сатылады. Бейнежазбаны түсірген әйел тұрғындарды көшеден тағам аларда аса сақ болуға шақырады. Айта кетейік, аталған дүңгіршекке жақын маңда бірқатар мемлекеттік мекемелер бар. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық республикалық балаларды оңалту орталығында нанның арасынан өлі тышқан табылған.


Хабарламаларға жазылу