Украинада жанар-жағармай дағдарысы дендеп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада жанар-жағармай дағдарысы дендеп барады

04.05.2022

Украинада жанар-жағармай дағдарысы дендеп барады. Қарулы қақтығыс басталғалы ел екі негізгі мұнай өңдеу зауыты мен отын сақтайтын 20 ірі қоймасынан айырылды. Бұған қоса, Киев Ресей мен Беларусьтен бензин мен дизель импорттаудан бас тартты. Салдарынан өнім тапшы. Елдегі 7 мыңдай жанармай құю бекетінің жартысы жабық тұр. Ал жұмыс істеп жатқан станцияларға кідіріссіз отын жеткізу мүмкін болмай тұр. Көлік жүргізушілері сағаттап кезек күтуге мәжбүр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу