Жамбыл облысында сексеуіл ағаштарын заңсыз отаған компания анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында сексеуіл ағаштарын заңсыз отаған компания анықталды

04.05.2022

Осы Жамбыл облысында қызыл кітапқа енген өсімдікті жол жөндейтін компания заңсыз кескен. Оны Табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Мойынқұм ауданы аумағында анықтаған. Облыстық маңызы бар автожолға жөндеу жұмыстарын жүргізетін серіктестік жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз сексеуілдерді отаған. Яғни, жол жиегін тазалау кезінде, заң талаптарын бұзып, 5 текше метр қызыл кітапқа енген өсімдікті жойған. Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, мемлекетке келтірілген шығын көлемі есептелуде. Еске сала кетейік елімізде мелекеттік орман қоры аймақтарында сексеуіл ағаштарын кесуге, 2023 жылдың соңына дейін тыйым салынған. 

Хабарламаларға жазылу