«Қызыл кітапқа» енген тал-теректі кескен серіктестік басшысы жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қызыл кітапқа» енген тал-теректі кескен серіктестік басшысы жазаланды

22.01.2020

Ақтөбеде жасыл желекті заңсыз отаған серіктестік басшысына жаза қолданылды. «Қызыл кітапқа» енген тал-теректі кескені үшін ол мемлекетке 4 миллион теңгеге жуық қаржы төлеуі тиіс.

Естеріңізге салсақ, су тасқынының алдын алу мақсатында өткен жылы өңірдегі сегіз өзеннің арнасын кеңейту қолға алынған еді. Оған 6 жарым миллиард теңге қаражат бөлінді. Нәтижесінде, 18 мың гектар жер тазартылды. Алайда, мердігер компания ешкімнің рұқсатынсыз өзен жағасындағы жасыл желекті жаппай кесіп тастаған. Бүгін сот залына келген серіктестік басшысы Нұредин Усиповтың бригадасы Қарғалы өзенінің аумағын тазартқан. Жұмыс кезінде 37 түп күміс терек пен жойылып кету алдында тұрған қара қандыағаш заңсыз кесілген. 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу