Маңғыстау облысында темір жолды құм басып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында темір жолды құм басып қалған

03.05.2022

Маңғыстау облысында дауыл соғып, салдарынан темір жолды құм басып қалды.

Бейнежазбада оқиғаның Маңғыстау ауданы Шетпе ауылының аумағында болғаны айтылған. Темір жолды құм басып, пойыз жүре алмай қалған. Рельстерді құмнан тазалауға жолаушылар көмектесуде. Бірақ, оқиғаның нақты қайда әрі, қалай болғаны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ. «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі бүгін кешке дейін мәлімет беретінін жеткізді. Айта кетейік, кеше өңірде шаңды дауыл тұрып, салдарынан бірнеше бағыттағы жолдар жабылған еді.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу