Қазақстан Грузия арқылы қара алтын тасымалын ұлғайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстан Грузия арқылы қара алтын тасымалын ұлғайтады

Қазақстан Грузия арқылы қара алтын тасымалын ұлғайтады

Мұнай бойынша жаңа нарықтар ашылуы мүмкін. Қазақстан Грузия арқылы қара алтын тасымалын ұлғайтпақшы. Биыл бұл дәлізбен 2 млн-нан 3 млн тоннаға дейін мұнай сыртқа шығарылмақшы. Ал газ экспортынан пайда табамыз деп үміттенбей-ақ қояйық. Қазақстан газ тасымалын азайтуға мәжбүр. Өйткені ішкі нарықты қамтамасыз ету керек. 2024 жылға қарай экспорт тоқтатылуы мүмкін. Газдың тапшылығы оның құнын да шарықтатып жіберді. Қысқасы: қымбатшылық тағы қысады. 

Елімізді газдандыру жайы 20 жылдан бері әлі толық шешілмей келеді. Көгілдір отынды сарыла күтіп отырған Солтүстікті айтпағанның өзінде, газ құбырының бойындағы Оңтүстікте де мәселе күрделі. Мысалы, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Қызылжар ауылына газ құбыры 3 жыл бұрын тартылған. Бірақ, ауыл іргесіне жетіп тұрған көгілдір отынға тұрғындардың қолы жетпей отыр.

Рахматулла Тұрысбеков, Қызылжар ауылының тұрғыны:

Ауыл әкіміне осы күздігүні барғанбыз. Сонда осы биыл жалғанады деген, былтыр мамандармен келгенде 16 желтоқсанда жалғаймыз деген. Үй басына 100 мың теңге деген, сонда да ешқандай нәтиже жоқ.

Салаға жауаптылар жұмыс не себепті созылып кеткенін нақты айтпады. Бірақ, биыл «Қазтрансгазаймақтың» құжаттандыру жұмыстары шешілсе, жыл соңына дейін газ береміз,-деп уәде берді. Ал тұрғындар бұл тағы да құрғақ сөз болып қалмаса деп отыр. Осы ауылға көрші жатқан Жібек жолында да сол жағдай. Тіпті, кейбірі көмірге деп сақтаған қаражатын мердігерге төлеп тастаған.

Гүлназ Досалиева, Жібек жолы ауылының тұрғыны:

4 жылдан бері ауызымызды ашып қарап отырмыз. Негізі тендерден ұтып алған адамдар бәрін бітіріп, кіргізіп беруі керек екен. Бірақ, олар әне кетті, міне кетті деп сылтауратып кетті. Мысалы, 4 жыл алдын труба кірген. Соның трубаны үйге дейін 10 метрге дейін ақша төлегенбіз. Бірақ, газ ікрген жоқ. Трубалар бәрі сынып, сынбағаны шашылып жатыр.

Газдың ауылға нақты қашан тартылатынын әкім де дөп басып айта алмады. Тек жауапты компания 2012 жылы салған агресс әбден ескіріп кеткен,-деді.

Асқарбек Сейтжаппаров, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі:

Мына жерде «Жібек жолы» агресі салынған. Бірақ, оны мемлекет қабылдамаған. Соны «Қазтрансгаз» алып қазір жөндеу жүргізіп жатыр. Ол енді мамыр айында қосылады деген, күтіп отырмыз, қазір жұмыс жүріп жатыр.

Елімізді газдандыру мәселесі осы аптада Сенатта талқыланды. Депутаттар «Қазақгаз» компаниясының жұмысын сынға алды. Себебі, жаңа газ құбырларын тарту былай тұрсын, осыған дейін салынған құбырлардың да 75 пайызы тозып кеткен.

Ерік Сұлтанов ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Ақырғы жылдары жеткілікті қаражат бөлінбеген. Жылына 250-300 млрд қаражат қажет болатын болса, оның жартысынан төмен қаражат бөлініп отқан. Ол енді бағаның төмендігіне байланысты. Сосын басқару моделі жөнді дұрыс ұйымдастырылмаған.

Ерік Сұлтановтың сөзінше, «Қазақгаздың» 7 жылдағы шығыны 587 млрд теңге. Ал, біз компания қалайша мұндай шығынға батқанын білмек болып сұрақ жібергенбіз, бірақ жауап келмеді. Ал депутат болса, компанияның "Интергаз Орталық Азия", "ҚазТрансГазАймақ" сынды еншілес ұйымдарын тексеру керек,-дейді.

Ерік Сұлтанов , ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қоғамның көп сұрақтары бар. Қалай осы деңгейге жетіп отырмыз деген. Соның үстіне мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Қазір осы ұлттық компанияның аудитін толығымен жасау керек деп. Осы аудиттің аяқталуымен сол барлығын көретін боламыз.

Иә, аудиттің нәтижесі көп нәрсені көрсетер. Бірақ, қазір біз көріп отырған жағдай қалай? Статистикаға сенсек, еліміздің 7 өңірі газбен 90 пайыздан артық қамтылған. Ал, Қарағанды 3,55 пайыз, Нұр-Сұлтан 14,44, Шығыс Қазақстан 1,3 пайыз. Солтүстікте мүлде жоқ. Осы өңірлерді газдандыруға бағытталған «Сарыарқа» магистралдық жобасы болса, кестеден кешігіп жатыр.

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Жалпы, Солтүстікті газдандыру бойынша бірнеше жоба жасалған. Соларды ңең соңғысы әрі тиімдісі саналған Сарыарқа магитралы. Ол бойынша 2018-2025-ке дейін 4 кезеңмен аймақты түгел газдандыру жоспарланған. Біраө, бүгінге дейін жобаның тек 1-ші кезеңі ғана аяқталған.

Құбыр Нұр-Сұлтанға келіп тоқтаған. Осы аптада Солтүстік Қазақстан облысының әкімі аймаққа «Сарыарқа» магистралын тарту үшін 140 млрд теңге қажет деді. Бұл аз ақша емес. Сондықтан, қазір Солтүстік пен Шығысқа Ресейден газ тарту туралы ұсыныстар бар.

Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:

Ресейден газдандыру бұл жақырынақ және жылдам жасауға болады. егер біз қазір Сарыарқамен салыстырсақ бұл газды жеткілікті газдан табу керек. Бұл жаңадан қүұрылыс салу керек. Бұл ұзақ әрі сәл қымбатырақ.

Ресейден құбыр тарту арзан болса да, Ресей газы бізден қымбат. Ол мәселе қалай шешілмек? Бұл да әзірге жауапсыз сұрақ. Тек оларға өзімізден газ беру арқылы реттеуге болады дейді,-мамандар.

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Энергетика министрлігінің мәліметінше елімізде газ тұтыну соңғы 5 жылда 35 пайызға артқан. Ал, алдағы уақатта тау-кен және металлургия кәсіпорындары көмірден газға ауысатын болса сұраныс тағы да артып 2025 жылға қарай газ тапшылығы болуы мүмкін дейді.

Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Біздің өнім өспейді алдымыздағы 7-8 жылда. Оны өсіру керек. Біздің бүкіл мынау газ ілеспе газ. 80 пайызы ілеспе газ. Мұнаймен бірге келеді. Ең көп қажеттілігі газдың 32 млрд деп болжам болып отыр. Сонда дефицит 11 млрд болуы мүмкін.

Газ тапшылығы болса, бағасы да өседі. Энергетика министрі бірінші кезекте кәсіпкерлер үшін, әсіресе, майнерлерге газ қымбаттайтынын айтты. Өйткені, қазір біздің ішкі баға экспорттық бағаның арқасында төмен деңгейде сақталып тұр.

Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

2021 жылда өнім 25 млрд текше метр болды. Оның 18 млрды ішкі өнімге кетті, 7 млрд экспортқа кетті. Қазір эскпорттың бағасы өте биік, өте жақсы. Споттық баға мысалы 1500 долларға шығады бір кубы.

Ішкі сұраныс артса, экспорт азаятыны сөзсіз. Бірақ, Ресей Еуропаға газ беруден бас тартса, Еуропада біздің қызығуы мүмкін. Сондықтан, тездетіп газ өндіру кешендерін жаңғырту маңызды. Осы тұста айта кетейік, Ақтөбедегі Жаңажол кәсіпорнында 25 жыл жұмыс істеген қытайлық СНПС компаниясының келісімшарты биыл аяқталады. Депуттар сол шартты қайта қарап, ендігі де кешеннің тым болмаса 50 пайызын өзіміздің ұлттық компанияға немесе министрлікке алу керек дегенді ұсынды. Сонда, тағы да жылына 3 млрд текше метр газ өндіруге болады.

Амангелді Сейтхан

Бөлісу