Елордада жалған ақша жасаумен айналысқан 4 адам ұсталды. Олардан 55 мың АҚШ доллары көлемінде банкноттар тәркіленген.
Қолдан жасалған ақшаның қолданыстағы долларға ұқсайтыны сонша оны ақша айырбастау орындары да ажырата алмай қалған. Тіпті, букмекерлік кеңселер мен банктерге салып, есепшоттарына лақтырып отырған.
Ұсталғандардың қылмысы дәлелденіп, олардың әрқайсысы бес жылға бас бостандығынан айырылды.