Елордада мемлекетке 490 миллион теңге залал келтірген қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада мемлекетке 490 миллион теңге залал келтірген қылмыстық топ ұсталды

13.06.2022

Елордада екі жыл бойы жалған шот-фактуралар жасап, мемлекетке 490 миллион теңгеден астам аса ірі көлемде зиян келтірген қылмыстық топ сотталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, көлеңкелі экономикада ауыр қылмыстар жасаған 7 күдікті ұсталған. Оны айыпталушы Хан Виталий басқарған. Ол өз клиенттерін бюджетке салық төлеуден босату мақсатында осындай айлаға барған. Енді төленбеген салықтар камералдық бақылау және салықтық тексеру арқылы өндіріледі.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Сот басты айыпталушы Хан Виталий Васильевичті нақты мерзімге - 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ал заңсыз ақша жинаумен айналысқан екі адамды шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үш айыпталушыға да ұзақ мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді, оның ішінде шот-фактураларды беруге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.


Хабарламаларға жазылу