852 млн теңге салық төлемеген Өскемен тұрғыны 3 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

852 млн теңге салық төлемеген Өскемен тұрғыны 3 жылға сотталды

26.11.2020
852 млн теңге салық төлемеген Өскемен тұрғыны 3 жылға сотталды

Өскемен қаласының тұрғыны ақша қаражаттарын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

«Өскемен қаласындағы банктердің бірінде 14,9 миллион теңге көлеміндегі ақша қаражатын қолма-қолға айналдыру барысында жалған кәсіпорындардың бірінің басшысы ұсталды. Тергеу барысында оның 2015-2019 жылдар аралығында жалған 4 кәсіпорынды өзінің туыстары мен таныстарына тіркей отырып, жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берумен айналысқаны анықталды. Бұл кәсіпорындарда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін автокөлік, үй-жай, өндірістік техникалық база және қызметкерлер штаты болмаған. 
Жалған фирмалардың басшыларының қаржы шаруашылық мәселелерімен айналыспағаны, бухгалтерлік есеп жүргізбегені және салық есептерін тапсырмаған анықталды. Іс жүзінде фирмалар қылмыстық іс әрекеттерді жүзеге асыру үшін, контрагенттерге салықтан жалтару үшін жалған есеп шоттарды жазып берумен айналысқан. Нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 852,5 млн теңге көлемінде шығын келтірілгені белгілі болды», - делінген хабарламада.  

Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен айыпталушы ҚР ҚК 28 және 216-баптарының 3-б. кінәлі деп танылып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

салық Қаржы мониторингі комитеті Өскемен

Хабарламаларға жазылу