Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымын екі есе арттыру қажет. Бішкекте өткен екі елдің үкімет аралық кеңесінің отырысында Әлихан Смайылов осылай деді. Премьер-министрдің сөзінше өзара сауда деңгейін 2 млрд долларға жеткізу үшін тауар номенклатурасын кеңейтіп, көлеңкелі тауар айналымына қарсы күрес шараларын күшейту қажет. Сондай-ақ, ол Қырғызстан Қазақстанның сауда-экономикалық серіктесі ғана емес, достық қарым-қатынастар байланыстыратын бауырлас мемлекет екенін атап өтті. Ал Қырғыз елінің Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров екі халық арасындағы достық – қос мемлекеттің гүлденуі мен әл-ауқатын арттыруға көмектесетініне сенім білдірді. Қос тарап Астана халықаралық қаржы орталығын Қырғызстанда және Орталық Азия өңірінде дамытуға бағытталған бірлескен компанияны құруға келісті.
Саламат Омаш
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлихан Смайылов: Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымын екі есе арттыру қажет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/156908/)