Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді

26.06.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, екі ел арасындағы тауар айналымын 2 миллиард долларға дейін жеткізу көзделіп отырғанын айтты. Өз кезегінде, Нурланбек Шакиев қазақ халқына тән қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын жеткізді. Кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.  


Хабарламаларға жазылу