«Amanat»партиясының жиыны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat»партиясының жиыны өтті

28.04.2022

Жаңа Қазақстанды құруда «Аманат» партиясы мемлекет басшысының тірегі болуы тиіс. Бүгін Ерлан Қошанов партия төрағасы ретінде алғашқы жиын өткізіп, саяси ұйымның жұмысын жетілдіруге қатысты тапсырмалар берді. Орталық аппаратта өткен бас қосуда өңірлік филиалдардың атқарушы хатшылары мен өзге де фракция мүшелері қатысты. Ерлан Қошановтың айтуынша мемлекет басшысы ұсынған саяси рефоралар партияларға теңдей мүмкіндік жасап, саяси бәсекелестікті арттырады. Десе де «Amanat» 23 жылдық тарихы бар еліміздің ірі саяси күш. Партияның ресурсы жеткілікті және еліміздің барлық қалалары мен аудандарында филиалдары бар. Соңғы съезде «Adal» партиясының өкілдерінің қосылауы, ұйым әлеуетін арттыра түсті. Сол үшін партия аманатты сезініп, тұрғындардың түйіткілді мәселелерін дер кезінде шешуге атсалысуы тиіс.

Ерлан Қошанов, "Аманат" партиясының төрағасы:

Бір нәрсе айқын партия еліміздің басты саяси күші болып қала береді. Біз ел басшылығымен біргеміз. Аманат мемлекет басшысының қоғамдық тірегі. Сондықтан жұмысты тиімді ұйымдастыруға тиіспіз. Негізгі мақсат халықтың сеніміне ие болу. Мұның бәрін істеу үшін не істеу керек? Фармализмнен бас тарту керек. Жасандылықтан бас тарту керек. Нақты іске көшу керек. Батыл бастамалар көтеріп, шынайы шешімдер қабылдау керек.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу