«Жер аманаты»: 3 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жер аманаты»: 3 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

02.12.2022

«Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен 3 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтты. Бұл туралы бүгін «Amanat» партиясының жиынында айтылды. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстың аралық қорытындысы шығарылып, алдағы міндеттер айқындалды. Іс-шараға Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының депутаттары, Бас прокуратураның, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы, қоғам қайраткерлері, партия мүшелері қатысты. Отырыста партия Төрағасы Ерлан Қошанов жайылымдық жер мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке бақылауында екенін атап өтті.

Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:
Былтыр Президент игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтарып алу туралы Үкімет пен Бас прокуратураға арнайы тапсырма берген болатын. Бұл жұмысқа «Amanat» партиясының жанынан құрылған осы біздің «Жер аманаты» комиссиясы да белсенді ат салысып келеді.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу