Шетелдік мигранттар саны азаюы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік мигранттар саны азаюы мүмкін

26.04.2022

Елімізге шетелден жұмысшыларды тартуға бөлінетін квота саны азаймақ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша биыл ол 28 мыңнан 23 мыңға дейін қысқарады. Бұл ішкі еңбек нарығын қорғап, өз азаматтарымыздың жұмыспен қамтылуы үшін жасалып отыр. Айта кетейін, қазір елімізде 16 мыңнан астам мигрант бар. Оның басым бөлігі қытайлықтар. Одан кейін Түркия, Үндістан, Өзбекстан және Сербия азаматтары.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу