Елімізде келесі жылдан бастап білім гранттарының саны азаюы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде келесі жылдан бастап білім гранттарының саны азаюы мүмкін

18.11.2019

Елімізде келер жалдан бастап білім гранттарының саны азаюы мүмкін. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Оның сөзінше, осы жылы 56 мыңнан астам грант бөлініп, бір орынға 1,2 адам таласқан. Бұл сапалы білімнің көрсеткіші емес екендігін айтады маман. Яғни, оқуға құжат тапсырғанның бәрі мемлекет есебінен білім алғанымен, дені ол білімді өмірде пайдаланбайды. Ересектердің сауаттылығын бағалайтын халықаралық ұйымының зерттеулері де Қазақстан халқының өз білімін өмірде қолдану тәжірибесі төмен екенін көрсеткен. Сондықтан министрлік өкілі оқу жүйесін функционалдық бағытқа бұрып, сапалы маман даярлау қажет екендігін айтты. Өйткені, қазір еліміздегі жоғары оқу орындарын қаржыландыру жүйесі оларға грант бөлу арқылы ғана іске асырылады. Бұл тиімсіз.

Амангелді СЕЙТХАН


Хабарламаларға жазылу