Нью-Йоркте мигранттар ағынына байланысты төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркте мигранттар ағынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

08.10.2022

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында мигранттар ағынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Сәуір айынан бері қалаға 17 мыңдай шетелдік келген. Олар - Латын Америкасынан барған мигранттар. Бұл жағдай үйсіздерге пана беру жүйесіне салмақ түсіріп отыр. Мигранттар ағынын реттеу үшін 1 млрд доллар бөлінбек. «Жанашырлығымыз шексіз болғанымен, ресурсымыз жоқ» деп мәлімдеген Нью-Йорк мэрі Эрик Адам мәселені реттеуге үкіметтен көмек сұрады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу