Президенттің сынынан кейін Qazavtojol филиалының директоры қызметінен босатылды. Компанияның Батыс Қазақстандағы жетекшісі Амир Кәрімбаев жолдарды жөндеу бойынша тапсырманы уақтылы орындамағаны үшін жұмыстан босатылды. Сондай-ақ ұлттық компанияның елордадағы жетекшілері мен автомобиль жолдары комитетінің басшылары да жауапқа тартылды. Айта кетейік, бұған дейін осы себеппен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев те қызметінен шеттетілген еді.