«Жас толқын – 2014» байқауына Грузия елінен мектеп оқушысы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас толқын – 2014» байқауына Грузия елінен мектеп оқушысы қатысады

24.07.2014
«Жас толқын – 2014» байқауына Грузия елінен мектеп оқушысы қатысады

Нуца Бузаладзе Тбилисиде орта мектептің 11-ші сыныбында оқиды. Сабақ оқудан бөлек, фортепиано, гитарада ойнауды үйреніп, музыка теориясы мен әдебиетін меңгеруде. «Грузия дауысы» ТВ-байқауына қатысқан. Бос уақытында музыка және спортпен айналысады.

Нуцаның арманы – вокалды АҚШ-тың Беркли университетінде үйрену. Нуца Боб Фосстың музыкасы мен киноларын жақсы көреді. «Ал, тамақ пісіру менің қолымнан келмейтін шаруаның бірі. Жұмыртқа қуыра аламын. Егер ол күйіп кетпесе, үйдегілердің бәрі қуанады», - дейді күліп грузиялық қатысушы.

Жас әртістің өмірде ұстанатын қағидасы: «Ешқашан берілме!». Өзінің алғашқы өлеңдер жинағын «Dreaming is believing» («Арманыңа сен») деп атауды жоспарлап отыр.

«Жаңа толқын» байқауын 9 жасынан бастап көреді. «Бұл байқау көптеген жас таланттардың танылуына мүмкіндік береді. «Тыңдармандар менің ойымды, әнімді түсіне алса, мен өз мақсатыма жетемін», - дейді Нуца Буаладзе.

Хабарламаларға жазылу