Конституцияның үштен бір бөлігі қайта жазылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституцияның үштен бір бөлігі қайта жазылады

06.05.2022

Конституцияның үштен бір бөлігі қайта жазылады. 33 бапқа 56 түзету енгізіледі. Бүгін Ата Заңдағы осы өзгерістер мен толықтырулар жобасы жарияланды. Басты құжатта жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі деп көрсетілген. Бұрын мемлекет меншігі саналса, енді мемлекет халық атынан реттеуші рөлге ғана ие. Адам құқығы да Ата Заңда айшықталып отыр. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады. Кез-келген адам, прокурор, омбудсмен заңның бұрмаланғанын байқаса Конституциялық сотқа жүгіне алады. Сосын жалпы сот атаулы органның төрағалары мен судьялар ешқандай саяси ұйымға мүше бола алмайды. Бұл «тура биде туған жоқ» қағидатына қарай жасалған. Жалпы, Конституцияның негізі – Президенттің рөлін шектеп, Парламенттің құзыретін арттырып, халық үніне құлақ асатын Үкімет құру. Халықтың бостандығы, құқы мен қалауына қатысты да өзгерістер бар. 

Хабарламаларға жазылу