Каспий құбыры консорциумында 3-ші мұнай құю құрылғысының жұмысы қайта жанданды. Ауа райы жақсарғаннан кейін су астындағы жөндеу жұмыстары өткен сенбіде жүргізілген. Бұған дейін мамандар танкер көмегімен шығарылатын құрылғыны толық тазалап шықты. Зақымдалған түтіктерді ауыстырып, жүйені бір тексеріп алған. Консорциум мәліметі бойынша қазір 3-ші мұнай құю құрылғысы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр және танкерлерге мұнай құйылып жатыр.
Берік Көшербай