Дүниежүзіне аштық қаупі төніп тұр. Мұны Әлемдік банк президенті Дэвид Малпасс ескертті. Оның сөзінше, Украинадағы жағдайға байланысты қазір жер-жаһанда азық-түлік құны шарықтап, инфляция деңгейі 37 пайызға жетіп, жүздеген миллион адамды кедейшілікке душар етіп жатыр. «Бұл - адами апат. Оған тамақ тапшылығы себеп. Сонымен бірге, бұл қымбатшылық осы проблеманы шеше алмаған үкіметтер үшін, үлкен саяси сынақ. Өйткені, олар бағаның өсуін тоқтата алмай жатыр», - дейді Малпасс. Айта кетсек, бұған дейін осы банк пен Халықаралық валюта қоры, ғалам экономикасының өсімі, биыл болжамдағыдан біршама төмен болатынын ескерткен еді.
Арыстан Рысбек