АҚШ-тан келген әнші Тайшон Колкуит – бірнеше музыкалық конкурстың жеңімпазы. Ән айтып, би билегенді ұнатады. Ең жақсы көретін спорт түрі – футбол.
Әнші алғаш рет әнді 5 жасында айтқан екен. Алдағы бес жылда Тайшон жеке концертімен әлемді араламақ ниетте. «Жаңа толқын» байқауына ән таңдауда Тайшонға анасы көмектескен. Байқаудың қатысушыларына әнші тек сәттілік тілейді.
Тайшон Колкуит бүгін сахнаға 5-ші реттік нөмірмен шығады.