Көкшетауда Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды

19.04.2022

Коронавирус өршіп тұрған кезде бюджеттің қаржысын талан- таражға салған Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен «Авиценна» медицина орталығының жетекшісі 8 жылға сотталды. Екеуі пантедмияның тұсында науқастарды емдеуге бұрын қолданылған, ескі жабдықтарды сатып алған. Сондай-ақ, оның бағасын тым қымбаттатып көрсеткен. Шығын көлемі 87 миллион теңгеге жуық. Бұл іс бойынша облыстық Туберкулезге қарсы диспансердің бұрынғы бас дәрігері де айыпталған болатын. Ол амнистияға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу