Ақмолада 1 млрд теңге жымқырған облыстық Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы 9 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолада 1 млрд теңге жымқырған облыстық Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы 9 жылға сотталды

11.07.2023

Ақмолада 1 млрд теңге жымқырған облыстық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы 9 жылға сотталды. Ал онымен сыбайлас болған кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар 2017 жылы Бурабай ауданына қарасты емдеу нысандарын сенімді басқармаға беру туралы алаяқтық жолмен келісім орнатады. Осының негізінде серіктестік жаңа, бұрын пайдаланылмаған медициналық құралдарды сатып алуға міндеттелген. Заңды белшесінен басқан кінәлілер сапасыз медициналық техниканы орнатып, мемлекетке аса ірі мөлшерде шығын келтірген.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу