Түркістан облысында жол апатынан жарақат алған жолаушылар ауруханаға жеткізілген
Түркістан облысы Сайрам ауданында екі көлік соқтығысып, жеті адам жарақат алды. Тағы бір жолаушы жедел жәрдем көлігінде өзіне келмей көз жұмған.
Айнұр Ақбаева, тілші:Жол апаты кеше кешкісін сағат 21:30 шамасында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 4-ші шақырымында болған. «Toyota Alpard» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Алматы қаласынан Қызылорда бағытына қарай бара жатқан. Жолда алдында кетіп бара жатқан «Howo» маркалы жүк көлігінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде жеті адам жарақат алып, таңы бір жолаушы мерт болды. Қазіргі таңда Сайрам аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен аталған жайт бойынша қыдлмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Екі автокөлік те айып тұрағына қойылды. Бүгін Сайрам аудандық ауруханасының дәрігерлері бүгін науқастардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді. Айтуларынша, жарақат алған жеті адамның бесеуі аудандық ауруханаға жеткізілген. Олардың барлығы «Toyota Alpard» автокөлігінің жолаушылары. Олардың екеуі дереу жансақтау бөліміне жатқызылған. Тағы екі науқас жарақат бөлімінде ем қабылдауда. Ал, бір науқастың жағдайы қанағаттанарлық болған соң, амбулаториялық ем қабылдауға жолданды. Жансақтау бөліміндегі екі адам бүгін бөлімшеге ауыстырылған. Жағдайлары бірқалыпты.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихшы: ІІ д.с. кезінде немістер еліміздің батысын ұшақпен шабуылдаған
11.09.2025, 14:27

Жаңа салық кодексіндегі өзгерістер кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған
11.09.2025, 14:24
2026 жылдан бастап Ақтөбе әуежайында тасымал еселеп артады
11.09.2025, 14:21
Қызылорда облысында 41 мыңнан аса адам мемлекеттік жәрдемақы алады
11.09.2025, 14:18
Жасанды интеллект – бәсекеге қабілетті ел болудың кепілі
11.09.2025, 14:15
Кубада миллиондаған халық тағы да жарықсыз отыр
11.09.2025, 14:12
Непалда коменданттық сағат мерзімі ұзартылды
11.09.2025, 14:09
Түркістан облысында жалған құжатпен миллиондап субсидия алғандар анықталды
11.09.2025, 14:06