Оңтүстік Африканың шығыс жағалауында күшті нөсер жауып, су тасқыны жүрді. Оның соңы лай көшкініне ұласқан. Квазулу-Натал провинциясында табиғи апаттан 443 адам мерт болды. Тасқыннан Дурбан қаласына айтарлықтай зақым келген. Ондаған тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Мыңдаған адам үйінен айырылды. Кей жерлерде электр жарығы өшіп, сумен қамтамасыз ету жүйесі істен шыққан. Провинцияға табиғи апаттан 685 млн долларға жуық шығын келді.
Арай Төлегенқызы