Оңтүстік Африкада тасқыннан 341 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Африкада тасқыннан 341 адам қаза тапты

15.04.2022

Ал, зардап шеккендер 41 мыңға жуықтап отыр. Қазір елдің шығысындағы Квазулу-Натал провинциясында іздеу-құтқару операциялары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, жергілікті синоптиктер бүгін тағы да жаңбыр құйып, топан судың тіпті көбейетінін ескертті.

Сәуірдің 13-де бұл провинция апатты аймақ деп жарияланды. Өйткені, мұнда өткен апта соңында төпелеп жауған жауыннан үйлерді, жолдарды, көпірлерді, порттардың біріндегі контейнерлері су алып кеткен.

Ғалымдардың айтуынша, Африканың оңтүстік-шығыс жағалауында ғаламдық климаттың жылынуынан ауа-райы жүйесі соңғы жылдары бұзыла бастады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу