Петропавлда 40 жаңа автобус пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда 40 жаңа автобус пайдалануға беріледі

30.05.2019

Петропавлда жолаушы тасымалдайтын 270 автобустың жартысынан астамы ескірді. 7-8 жыл бойы қала ішінде селкілдегеннен сілікпесі шығып, жүруінен тұруы көп жағдайға жетті. Тіпті жуырда екеуі жол үстінде жанып кетті. Осыған байланысты биыл жауапты компаниялар қала әкімдігімен бірігіп, 40 автобус сатып алмақ.

Соның біреуі таныстырылды. Бұл көліктердің ерекшелігі - жазда салқындатқышы, қыста қосымша пеші бар. Тегін Wi-Fi да қарастырылған, ең бастысы - мүгедектерге арналған сатысы бар.

Галина Семенова, «СҚО Автотранспорт одағы» қауымдастығының төрайымы:

- 2017 жылдан бері мүгедектерге арналған пандусы бар 6 автобус сатып алдық, одан кейін тағы орта класты 15 автобус алынды. Маусымда тағы 4 көлік келеді деп күтіп отырмыз. Ал бүгін көріп отырған көліктер барлық талаптарға сай келеді. Енді келіссөздер жүргізуге кірісеміз.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу