Шанхайда 27 мың адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шанхайда 27 мың адамнан коронавирус анықталды

14.04.2022

Қытайдың қаржылық хабы – Шанхай жұрты коронавирус жұқтырудан рекорд жаңартты. Өткен тәулікте мұнда қауіпті инфекция 27 мыңнан астам адамнан анықталған. 25 миллион тұрғыны бар алып мегаполисте локдаун жеңілдегенімен, қаланың айтарлықтай бөлігінде ол әлі жалғасып жатыр. Сондықтан сейсенбіде мұнда 6,6 миллионға жуық адамға ғана үйінен шығуға рұқсат берілген. Бірақ, олардың кейбірі өз ауданынан кетпеуі керек. Тағы 15 мыңдай шанхайлық арнайы орталықтардан босатылды. Қытайдың қатаң ережелеріне сәйкес, тіпті симптомсыз немесе ковидтің өте жеңіл белгілері байқалған адамдардың өзі оқшауланып, карантинге жатқызылуы керек.

 Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу