Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8 млн-нан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8 млн-нан асты

16.06.2020

Əлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8 миллионнан асты. Қытай астанасы Бейжіңде жағдай қайта ушығып барады. Өткен тəулікте жұқпалы инфекция 27 адамнан анықталды. Бұдан бөлек 106 адам ауруханада жатыр. 

Жаңа Зеландияда да бүгін 2 адамнан коронавирус анықталды. Елде 24 күннен бері инфекция жұқтыру оқиғасы тіркелмеген еді. Науқастардың екеуі де Ұлыбританиядан барған.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу