Қытайда коронавирус бойынша рекорд жаңарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирус бойынша рекорд жаңарды

08.04.2022

Қытайдың Шанхайында ковид жұқтыру оқиғаларының саны 3 күннен бері рекорд жаңартып жатыр. Соңғы тәуліктің өзінде коронавирус 21 мың адамнан анықталған. Осыған байланысты 26 млн тұрғыны бар мегаполисте локдаун жалғасып жатыр.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, пандемия күшейгендіктен Шанхайда халық қайтадан тесттен өткізіледі. Дегенмен жергілікті үкімет инфекцияға шалдыққан балаларды ата-аналарынан ажырату саясатын жеңілдеткенін мәлімдеді.

Тағы бір айта кететін жайт, кәсіпорындар мен дүкендер жабылып, карантиндік шектеулер күшейгендіктен, Шанхайда қазір азық-түлік тапшылығы байқалып отыр. Ал ет пен күрішті және өзге де тауарларды интернет арқылы тапсырыспен алдыртуға курьерлер жетіспей жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу