АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы «СберБанкпен» жасалған мәмілені үш айға ұзартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы «СберБанкпен» жасалған мәмілені үш айға ұзартты

13.04.2022

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы «СберБанкпен» жасалған мәмілені үш айға ұзартты. Демек Сбербанк 12 шілдеге дейін жұмысын жалғастырады. Банк тұрғындарға теңгемен және рубльмен төлемді шектеусіз жүргізеді. Қазір Сбербанктің несие портфелі 1 трлн 600 млрд теңгеге жеткен. Қазақстандағы банктің 400 млрд теңге жеткілікті қоры бар. Ал Альфа банктен 7 сәуірден бастап тұрғындар 100 млрд теңгені түрлі төлемге жұмсап, аударып алған. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері хабарлады. Қазір банк жұмысын тұрақтандыру үшін акционерді ауыстыруды жоспарлап отыр.

Олжас Қизатов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:
Альфа банк Қазақстан басқа қазақстандық банктермен келісімдерге келіп жатыр. Кредит портфелін сатуды көздеп отыр. 50 млрд теңгеге келісім бар.Тағы да бірнеше банктермен 40 млрд теңгеге келісім дайындалуда.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу