«Қазбат» бітімгершілік батальоны «Дала қыраны-2014» халықаралық оқу-жаттығуында өз шеберліктерін көрсетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазбат» бітімгершілік батальоны «Дала қыраны-2014» халықаралық оқу-жаттығуында өз шеберліктерін көрсетуде

09.10.2014
«Қазбат» бітімгершілік батальоны «Дала қыраны-2014» халықаралық оқу-жаттығуында өз шеберліктерін көрсетуде

«Қазбат» қазақстандық бітімгершілік батальонының ротасы НАТО елдері және әріптес мемлекеттер қарулы күштерінің бөлімшелерімен бірлесіп БҰҰ стандарттары бойынша бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларды өткізу рәсімін пысықтауға белсенді түрде қатысуда. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

«Дала қыраны-2014» халықаралық оқу-жаттығуының белсенді кезеңі барысында қазақстандық әскери қызметшілер штабтық процедураларды, бітімгершілік операцияларды жоспарлауда, елді мекендерді патрульдеуде өз машықтану деңгейлерін көрсетті.

Оқу-жаттығу шеңберінде сондай-ақ, бақылау-өткізу пункттеріндегі жұмысқа, гуманитарлық жүктерге ілесіп жүруге, қолдан жасалған жарылғыш заттарды залалсыздандыруға, ағылшын тілінде радиоалмасулар жүргізуге, топографиялық карталарды оқу және ресімдеуге көңіл бөлінуде.

«Дала қыраны-2014» оқу-жаттығуының басшылығы қазақстандық бітімгершілердің даярлық деңгейінің жоғарылығын, шетелдік мемлекеттердің әскери қызметшілерімен бірлескен операцияларды жүргізу кезіндегі іс-қимылдарының үйлесімділігін атап өтті.

Германиядағы АҚШ қарулы күштерін даярлаудың біріккен орталығында жүргізілген оқу-жаттығудың белсенді кезеңін бақылауға Қазақстан Қорғаныс министрлігінің НАТО штаб-пәтері жанындағы әскери өкілі генерал-майор Бахтияр Сыздықов қатысты.

Хабарламаларға жазылу