Жаңа үш облыстың атаулары мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа үш облыстың атаулары мақұлданды

11.04.2022

Республикалық ономастикалық комиссия елімізде құрылатын Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының атауларын бірауыздан мақұлдады. Комиссия отырысы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен өтті. Жиында мемлекет меншігіндегі жекелеген нысандарды, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар қалаларындағы көшелерді қайта атау мәселелері де қаралды. Енді комиссияның қорытындысы дайындалып, одан әрі жұмыс істеу үшін облыстардың әкімдіктеріне жіберілетін болады. Бұған дейін комиссия Қапшағай қаласын Қонаев деп қайта атау туралы оң қорытынды берген болатын. 


Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу