Жолдау: Президент жаңа облыстар құруды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдау: Президент жаңа облыстар құруды ұсынды

16.03.2022

Сонымен, қазақ жұрты үшін ерекше қуанышты жаңалық үш облыстың қайта құрылуы. «Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін деді мемлекет басшысы. Аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозғанына да тоқұтала кетті. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысы құрылады деді Президент. Орталығы Жезқазған қаласы болмақ. Жетісу және Алматы облыстары пайда болады. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз» - деді Президент.


Хабарламаларға жазылу