Шығыс Қазақстанда тағы да теміржол апаты болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда тағы да теміржол апаты болды

11.04.2022

Шығыс Қазақстанның таулы аймағында тағы да теміржол апаты. Бұл жолы «Алтай - Күмістау» бағытында цемент тиеген 5 вагон рельстен шығып кетті. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Апатқа қатысты Өскемендегі желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Естеріңізге салайық, өткен аптаның басында дәл осы теміржол желісінде «Өскемен - Күміс су» бағытында 16 вагон рельстен шығып, кен тиелген 6 вагон Ертіске құлаған. Өзенге сараптама жасаған экологтар суда мырыш рұқсат етілген шекті мөлшерден 1,3, ал мыс 1,5 есеге артқанын анықтаған болатын.

Олжас Керей

Хабарламаларға жазылу