Елордада көктайғақ кесірінен 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада көктайғақ кесірінен 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

12.11.2020

Бүгін елордада қар жауып, көктайғақ кесірінен 100-ге тарта жол-көлік апаты тіркелді. Сондай-ақ Батыс Қазақстанда да жол апаты көбейді. Ондаған түрлі жарақат алса, үш адам көз жұмған. Өңірде қар жауып, жолдарды көктайғақ басты. Осыған байланысты дөңгелек ауыстыру станцияларында ұзын-сонар кезек, қала көшелерінде кептеліс пайда болды. Синоптиктер болса, мұндай жағымсыз күн райының аптаның соңына дейін жалғасатынын айтады.   

Рауан Диәли 


Елорда көктайғақ жол-көлік апаты

Хабарламаларға жазылу