Шығыс Қазақстанда бұршақ жауып, бау-бақшаға зиян келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда бұршақ жауып, бау-бақшаға зиян келді

12.07.2021

Шығыс Қазақстанда нөсер жауып, арты бұршаққа ұласты. Қатты желдің салдарынан Алтай ауданында электр сымдары үзіліп, ағаштар құлады.

Бөдененің жұмыртқасындай бұршақ бау-бақшадағы өсімдіктерді жайпап өтті. Зардап шеккендер жоқ. Аймақта ауа райы бұзылатынын синоптиктер алдын ала ескерткен. Демалыс күндері жауған жаңбырдан Өскемен қаласының көшелері де суға толып кетті. Жағдайды реттеу үшін коммуналдық қызметке 8 ассенизаторлық көлік пен 6 мотопомпаны іске қосуға тура келді. Ауа райының қолайсыздығынан қалада 4 көлік соғысып, ірі жол апаты болды. Адамдар аман.


Хабарламаларға жазылу