484 нысаннан 618 ақау анықталды. Түркістан өңірінде былтыр салынған жолдардан осыншама кем-кетік шыққан. Әсіресе аудандық жолдардан алынған сынамалардың 35% нормаға сай емесін көрсеткен. Бұл тікелей жергілікті Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, жол бөлімі мамандарына байланысты. Елімізде аталған салада 1,5 мыңдай адам жұмыс істейді. Соның 10% ғана тиісті диплом бар. Яғни аудандардағы инфрақұрылымға жауап беретін мамандардың 90% жол құрылысына қатысты техникалық білімі мен кәсіби тәжірибесі жоқ. Сондықтан әр өңірдегі аудан, қаладағы мамандарды оқыту жұмыстары қолға алынды.
Айнұр Ақбаева