Ұлттық жобалардан нәтиже көрсетпегендерге жаза күшейеді
Енді бюджет қаражатын уақытылы игермегендер жауапқа тартылмауы мүмкін. Алайда бұл мемлекет бюджетін оңды-солды шашуға жол беріледі дегенді білдірмейді. Керісінше, талап күшейеді. Бұдан былай қаржыны алып, нәтиже көрсетпегендерге жаза қатаңтайды. Бұл туралы бүгін Сенатта бюджет мәселесін талқылау кезінде Ұлттық экономика вице министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. Осылайша сапалы нәтижеге қол жеткізу жоспарланып отыр. Яғни ұлттық жобалар бойынша пайдаланылмаған қаржыны келесі жылы толық игеру құқығы беріледі.
Гүлсана Дәрібаева, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры:
Мысалы, жыл бітті делік. Ақша қалдықтары мен жұмысты аяқтауға 1 акт қабылданбай қалды. Ондай жағдайда істі тоқтатпас үшін келесі жылға созуға мүмкіндік береміз. Бірақ ережелерді күшейтеміз. Бұл жерде еркіндік беріп, бюджеттік дисциплинаны бұзайын деп жатқан жоқпыз. Ақша қаражатын дұрыс игеріп, түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мүмкіндік беріп жатырмыз.
Сонымен қатар бюджетті түзету мүмкіндігін қарастыру да ұсынылды. Ұлттық экономика министрлігі шығыстар көлемін 20% дейін өзгертуге рұқсат беруді сұрап отыр. Жақын арада бюджет заңнамасына тиісті түзетулер ұсынылады.
Әсима Нұрбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» өз алаңында «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді
06.11.2025, 10:30
Ұлттық Ұлан сарбаздары аналарына тосын сый жасады
06.11.2025, 10:23
Германияда әлем халқы толған айды тамашалады
06.11.2025, 10:22
Түркияда тас көшкінінен екі адам опат болды
06.11.2025, 10:21
Ақмола облысында Жабай өзенінің арнасы тазаланды
06.11.2025, 10:20
ШҚО-да браконьерлерге қатысты мыңнан аса әкімшілік іс қозғалды
06.11.2025, 10:18
Вашингтонда өтетін C5+1 саммитінде қандай мәселелер талқыланады?
06.11.2025, 10:15
Мемлекет басшысын АҚШ-та оқитын қазақстандық студенттер қарсы алды
06.11.2025, 10:13