Генадий Головкин мен Риота Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Генадий Головкин мен Риота Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

08.04.2022

2 боксшының салмағы шамамен 72,5 келі. Өлшеу рәсімі алдында ұйымдастырушылар біздің спортшыны туған күнімен құттықтады.

Естеріңізге саламыз, жекпе-жек ертең Жапонияның Сайтама қаласында өтеді. Боксшылар «IBF» және «IBO» тұжырымдары бойынша әлем титулдары мен «WBA Super» белбеуін сарапқа салады. Кездесуді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ qazaqstantv және qazsporttv сайты мен мобильді қосымша арқылы көруге болады.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу