Геннадий Головкин онжылдықтағы ең ауыр соққы беретін боксшылардың қатарына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин онжылдықтағы ең ауыр соққы беретін боксшылардың қатарына енді

08.10.2015
Геннадий Головкин онжылдықтағы ең ауыр соққы беретін боксшылардың қатарына енді

Ең мықты панчерлердің арасында Генадий Головкин 5-ші орында тұр, деп хабарлайды  Sports.kz.


Алғашы үштікте Виталий және Владимир Кличколар және Деонтей Уайлдер тұр.

«Геннадий Головкин бір қарағанда, мінезі ашық-жарқын азаматқа ұқсайды. Алайда, рингте ол түрлі бағыттардан өте қауіпті, естен тандыратын соққылар бере алады. Осыған дейін ол өзінің 33 кездесуінің 30-да қарсыласын нокаутқа жіберді. Ал, боксшылар аяғына дейін жеткізген 3 кездесу 8-раундтан тұратын еді және олар 2008 жылы өтті. Айта кетерлігі, Головкин нокаутқа жіберген боксшылардың барлығы бір соққымен құлата салатын адамдар емес болатын. Соған қарамастан, әдетте жеңудің өзі оңайға соқпайтын спортшыларды Головкин бірінен-соң бірін күйретті»,-деп жазады сайт.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу