Әлішер Кәрімов – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі. «Super Star KZ» байқауының финалисі, «Славян базары» және «Ереван шақырады» байқауларында 3-ші орын алған.
Жақсы көретін ісі – саяхаттау, достарымен табиғат аясында демалу, суда жүзу. Классика элементтері бар casual стилінде киінгенді ұнатады. Бала кезден Алла Пугачева және Лолитамен бірге ән шырқауды армандайды. Мектепте Әлішер химия, физика, алгебра, геометрия сынды пәндерді ұнатпаған.
Әнші алғаш рет бес жасында «Әнші балапан» байқауында жеңіске жеткен. Әлішердің вокалды тембрі – контр-тенор.
Музыкант үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе – ұлттық дәстүр мен отбасылық құндылықтар. Ең сүйікті мерекесі – туған күн. Себебі, ол әр туған күнін жақындарының қасында өткізеді.
Кітап оқығанды жақсы көреді, әсіресе романдарға әуес. Ал жазушылардан Лев Толстойдың шығармаларын жоғары қояды. Сүйікті әндері әртүрлі: этно-поп, заманауи поп-музыка, сондай-ақ, А.Пугачева, Ф.Киркоров, Shakira және басқа да әншілердің әндерін тыңдайды.
Жер бетіндегі әртіс болған ең ерекше мекен – Мальдив аралдары. «Бұл – Жер бетіндегі нағыз жұмақ мекен!», дейді ол.
Бала кезден Алиш деп атап кеткен Әлішер Кәрімовті достары бүгінге дейін солай атайды. Әнші әлемді, адамдарды жақсы көреді, әрі өмірдің ғажаптығын айтудан жалықпайды.
Дискография: «Келемін саған» (2010 ж.), «Тағы да» (2012 ж.), «Шүкір» (2014 ж.).
«Жаңа толқын-2014» байқауы турасында әнші: «Мен байқауды 2002 жылдан бері үзбей қарап келемін. Маған барлық қатысушылардің ішінде ұнағаны армениялық әнші Сона Шахгельдян. Биылғы байқаудың шешуші сынына өткен әр қатысушы өз елінің намысын қорғауға әбден лайықты. Қатысушылардың барлығына тілерім: бұл байқау бос өтпесе екен. Яғни, конкурстан әркім өзіне керегін алса деп тілеймін»,-дейді.