Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 8,2 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып, 8,1 шақырым бөгеттерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
385 елдімекенде қауіп азайтылды. Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар 1 010 елдімекеннің 285-і үшін ықтимал қауіп сақталуда.
Өткен тәулікте өңірлер аумағында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 144 379 м3 еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында су басқан 53 тұрғын үйі мен Ақтөбе облысында 57 саяжай үйі бақылауда тұр.
Өткен тәулікте Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 773 адам эвакуацияланған.
Ақтөбе облысының республикалық маңызы бар жолдарының 2 учаскесінде, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының облыстық және жергілікті маңызы бар 14 учаскесінде су тасуда. Осы жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ҰҚК ШҚ, ЖАО 2 229 адам, 489 бірлік техника, 238 су айдау құралы және 27 жүзу құралы жұмылдырылды. Оның ішінде ТЖМ жеке құрамынан 974 адам, 117 бірлік техника, 145 су айдау құралы, 21 жүзу құралы бар.