Солтүстік Қазақстан облысындағы 38 елді мекенді су басу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысындағы 38 елді мекенді су басу қаупі бар

12.03.2014
Солтүстік Қазақстан облысындағы 38 елді мекенді су басу қаупі бар
Солтүстік Қазақстан облысында 38 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы брифингте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар  департаментінің басшысы Павел Филиппов хабарлады.
 
Департаменттің алдын ала мәліметтері бойынша, биылғы жылы облыс аумағындағы бірлі-жарым елді мекендер су астында қалуы мүмкін. Одан бөлек, су басу қаупі бар аймақта 302 шақырым автокөлік жолыжәне 20 шақырым теміржол қалып отыр.

Облыста 14 жедел әрекет ету жасағы құрылған, алдағы су тасқынына техника, инертті материалдар, қаптар, жанар-жағармай қоры дайындалды.

Облыс әкімі Самат Ескендіров  Төтенше жағдайлар  департаментінің облыстық басқармасына облыстық Денсаулық сақтау, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп, Туризм басқармаларымен бірлесіп, су басуы ықтимал аймақтағы халық үшін азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмек қорын дайындауға тапсырма берді.
 

Хабарламаларға жазылу