Сәуір болмай, тәуір болмайды. Синоптиктердің болжамы бойынша, осы айда еліміздің басым аумағында күн жылынып, қар еріп кетеді. Бірақ 5 сәуірден бастап ауа райы құбылмалы болуы мүмкін. Көп жерде жаңбыр жауады деп күтілуде. Жел соғып, тұман түседі. Алайда, айдың екінші және үшінші декадасында күн күрт жылынады. Солтүстікте ауа температурасы 15-23, оңтүстікте 28-35 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Берік Көшербай