БҚО-да мектептің қабырғасы құлап, сабақ тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да мектептің қабырғасы құлап, сабақ тоқтатылды

31.03.2022

Осы Батыс Қазақстан облысының тағы бір ауылы Шалғында мектеп ғимараты суға батып, бір жақ қабырғасы құлап қалды. Бүгін сабақ тоқтатылды. Ауылды сайға жиналған қарғын су басқан. Мектептің 1964 жылы салынған бастауыш сынып корпусы апатты жағдайда тұр. Қабырғасы құлаған ғимарат 2007 жылы саман кірпіштен салынған. Онда бірнеше сынып бөлмесі, кітапхана, спорт залы мен директордың кабинеті болған. Зардап шеккендер жоқ. Мектепте 37 бала білім алады. Қазір оқиға бойынша аудандық комиссия құрылып, су басу қаупінің алдын алу шаралары жүріп жатыр.

Абат Ашық, Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

Ғимаратты күрделі жөндеу қажеттілігі жоқ. 2023 жылғы жоспарға енгізілді, ол жерде шағын 60 орындық мектеп салу жөнінде. Қазіргі сабақ оқып отырған жер 1988 жылғы ғимараттың бөлігі. Сонда сабақ жалғасады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу